Паритет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ПАРИТЕТ<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>, Бара-барлық (Үлгі:Lang-la – тепе-теңдік) –

  • Екі немесе бірнеше тараптардың, мақсаттардың, факторлардың, қаражаттардың бірдейлігі, бара-барлығы, рыноктағы түрлі субъектілер құқықтарының міндеттерінің, төлемдерінің, жағдайының тепе-теңдігі;
  • Түрлі елдердің ақша бірліктерінің не осы ақша құрамындағы алтын мөлшері бойынша не олардың сатып алуға жарамдылығы бойынша арақатынасы;
  • Бағалы қағаздың атаулы құнына бара-бар құны. Облигациялар бойынша операциялар жүргізілген жағдайда оның маңызы зор, өйткені ол өтеу тәуекелдігінің көрсеткіші болып табылады;
  • Экономикалық даулар мен еңбек дауларын қарау кезінде тараптардың тең болуы қағидаты. Түрлері: валюталық паритет – үкімет аралық деңгейде заңнамалық тәртіппен белгіленетін валюталардың арақатынасы; алтын паритеті: а) елдің ақша бірлігіндегі таза алтын құрамы (салмағы), оны үкімет белгілеп, заң жүзінде тиянақтайды. Мысалы, АҚШ долларның құрамында 0,818513 грамм таза алтын бар; ә) екі ақша бірлігінің құрамындағы алтын ретінде белгіленген алтынның салмағы бойынша арақатынасы; мәнет паритеті:
  • а) екі тараптың ақша бірліктерінің құрамындағы алтынның немесе күмістің арақатынасы;
  • ә) ақша жүйесі әр түрлі екі елдің ақша бірліктерінің құрамындағы алтынның не күмістің нарықтық құнының арақатынасы; атаулы паритет – ақша бірлігі мен эталон ретінде қабылданған металл не басқадай валюта арасындағы қатынас; опциондар паритеті – колл-опцион үшін өткізу бағасы плюс сыйлықақы тиісті фьючерстік келісімшарт бағасына тең болатын, ал пут-опцион үшін өткізу бағасы минус сыйлықақыға тең болатын опцион жағдайы; сатып алуға жарамдылық паритеті – екі (немесе бірнеше) валютаның арасындағы олардың белгілі бір тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жиынын сатып алуға жарамдылығы бойынша қатынасы. Тауарлар жиынының номенклатурасына қарай сатып алуға жарамдылық паритеті жекеше (белгілі бір тауарлар тобы бойынша) немесе ортақ (барлық қоғамдық өнім бойынша) болуы мүмкін; валюталардың Ласпейрес формуласы бойынша сатып алуға жарамдылық паритеті – ұлттық экономиканың қалыптасқан құрылымын ескере отырып, екі елдегі баға деңгейінің арақатынасын көрсететін халықар. индекс; Пааше формуласы бойынша сатып алуға жарамдылық паритеті – бірыңғай тауарлар жиыны – өз елі мен шет мемлекет өкілдері бағасы деңгейінің арақатынасы, бұл қатынас өлшемдеуші-шетел экономикасы құрылымының көрсеткіштері арқылы валюталардың паритеті түрінде жалпыланады; пайыздық паритет – пайыздық ставкалардағы айырма валютаның форвардтық бағамының дисконты немесе сыйлықақысы мөлшерінде тікелей көрсетілетін жағдайда екі валюта арасындағы қатынас; пайыздық ставкалар паритеті – форвардтық айырбас бағамы мен “спот” бағам арасындағы айырма тиісті шет елдегі пайыздық ставка мен ішкі пайыздық ставка арасындағы айырмаға тең екенін білдіретін теориялық қағида; бағалар паритеті – ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өткізетін өнімнің бағасы мен олар сатып алатын өнеркәсіптік тауарлар және осы тектес көрсетілетін қызметтер бағасының арасындағы қатынас.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Паритет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

uk:Паритет