Пантодонттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пантодонттар (Pantodonta)- қазба сүт қоректілер отряды. Пантодонттардың қалдықтары палеоценнен бастап орта лоигоцен шөгінділері аралығына дейінгі кезеңнен белгілі.

Құрылысы

Пантодонттардың арасында қойдай ұсағы да, бегомоттай ірілері де болған. Сүйек қанқасы құрылысында қарапайым белгілер байқалады. Аяқтары қысқа, бес саусақты, тұяқты, құйрығы ұзын, бас сүйегі жалпақ және ұзын, миы кішкене, қарапайым құрылысты.

Таралуы мен қоректенуі

Патодонттар Еуропа, Азия және Солтүстік Америкада тіршілік еткен жалқау аң- мегатерилерге ұқсас болса, ұсақ та қарапайым түрлері насеком қоректі және қорек талғамайтын болған. Суда да, құрлықта да тіршілік еткен қос мекенділері жұмсақ өсімдіктермен қоректенген. Пантодонттар кондиляртрлардан дамыған болса керек деп саналады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер <ref>Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том, 125 бет</ref>