Панисламизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Sayyid Dschamāl ad-Dīn al-Afghānī.jpg
Джемал ад-Дина ал-Афгани

Панисламизм - XIX ғасырдың соңында пайда болған, мұсылман реформаторы Джемал ад-Дина ал-Афгани (1839- 1897) есімімен байланысты идеология және қозғалыс; жер бетіндегі барлық мұсылманқауымынын бірлігі концепциясы мен олардын біртұтас ислам мемлекетіне бірігу қажеттілігіне негізделген діни-саяси идеология және тәжирибе.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>

Алғаш рет, мұсылман елдерінің діни-саяси бірлесуі жайлы ол XIX г. 60-шы жылдарында өз ойын білдірді. Иран, Ирак, Үндістан, Ауғанстан, Түркия елдерімен жақын танысу әртүрлі мұсылман елдерінде ортақ мәселелердің бар екенін анықтады. Экономикалық және мәдени артта қалушылық, рухани тұралау және апатия, тирандар мен шетелдіктердің үстемдігі реформатордың болашақ қызметінің бағытын айқындап берді. Саяси мақсаттарға жету үшін діни лозунгтер қолдануды, исламды отарлық езгіге қарсы күресте халықты жұмылдыруға және қайта өрлеуге мүмкіндіктің бар екені жайлы оларға сенім ұялатуға қабілетті бірыңғай идеологиялық платформа ретінде қарауды ұсынды. Ұлттық көңіл-күйдің ортақ жауға қарсы мұсылмандардың бірігуіне ке- дергісін келтіретін түсінген ал-Афгани ұлттық ынтымақтастыққа діни ынты- мақтастықты қарсы қойды: "Мұсылмандар діннен басқа ұлтты білмейді". Мұсылман халықтары альянсы бастапқыда Ауғанстан, Белуджстан, Қашқар, Яркент, Бұқара және Қоқан елдерінің басын қосты, түрік сұлтаны және үнді мұсылмандары тарапынан қаржылық қолдауға ие болды. Мұсылман елдерінің альянсы жобаларын ал-Афгани бірнеше рет жасады. Ол Египет хедивіне, біресе, судандық махди, біресе иран шахына, не, түрік сұлтанына тоқталады. Ал-Афгани буржуазиялық қағидаттарды уағыздады, жеке меншік құқын мойындамайтындығы және әлеуметтік теңсіздіктің табиғилығын мойындамайтындығы үшін коммунизмге, социалистік идеяларға қарсы болды. Алайда, өмірінің соңғы жылдарында оның бұл көзқарасы түбегейлі әзгерді, социализм исламга қайшы келмейді, Мұхаммед пайғамбардың үмбеттері социализмді алғашқы жақтаушылар деді. Панисламизм Шығыс халықтарының әмірінде аса маңызды рөл атқарды. Үндістанда халифаттық қозғалыс ағылшын үстемдігіне қарсы шықты, Ганди мен Үнді Ұлттық Конгресінің бұл қозғалысты қолдауы тегін емес. Панисламизмнің ұрандары антиимпериалистік сипатта басқа елдерде де көрініс тапты. 1930-шы жж. Осман халифаты жойылғаннан кейін, халықтардың ислам туы астына бір мемлекетке бірігуі шындыққа жанаспай қалды. Дегенмен, панисламистік идеялар, жаңғырған түрінде болса да бүгінгі күні де өмір сүруде. Бүгінгі таңда саяси ықпалдасудың күні алыc екендігін түсінген панисламистер мұсылман ұлттарының одағын нығайту мақсатында әртүрлі деңгейдегі халықаралық ұйымдар құруда. Олар үнемі "аймақтақ тарлық" ұлттық тұжырымдарына мұсылмандық бауырластық, "миллат" теориясының интернационалдық рухын қарсы қояды. Осылайша, панисламистік қозғалыстың бастапқы кезеңінде Түркия үстемдікке ұмтылды. Араб идеологтары өз кезегінде исламньщ араб қоғамында пайда болғанын, Алла сөзінің араб тілінде түскенін алға тартып, "жалпы мұсылмандық бауырластықта" арабтардың маңызды рөлін талассыз дейді. Пәкістанның (діни қоғамдастық негізінде құрылған мемлекет) құрылуы оған мұсылман әлеміне жетекшілік етуге үміттенуге негіз берді. Панисламистік талпыныстар Сауд Арабиясының билеуші шоғырына да тән болды, олар ислам дінінің тазалығын сақтаушы бірден-бір ел ретінде өздерінің қамқорлығымен бірнеше мәрте ислам пактісін жасауға талпынды. Саяси одақ идеяларының жүзеге асуының көрінісі Ислам Конференциясы Ұйымының құрылуы болды (ИКҰ), негізі Рабатта өткен жиналыста қаланды (1969). Оның құрамына енген елдердің негізгі ойы империализмнің экономикалық, саяси, идеологиялық экспансиясына қарсы түрып, ұлттық саяси және экономикалық тәуелсіздігін нығайтып, халықаралық сахнада "үшінші" күш ретінде белсене түсу болды. Қазіргі әлемде панисламистік көңіл- күйді кейде "ислам ынтымақтастығы" ретінде түсінеді. Панисламизм идеологиясының теориялық негіздерін ірі мұсылман университеттерінің дін ілімдері - Ал-Азхар (Египет), Аз-Зай- тун (Тунис), Ал-Каравийн (Марокко), сондай-ақ 1970 ж. негізі қаланған Бүкіләлемдік ислам ұйымы және Бүкіләлемдік ислам Конгресінің, Ислам әлемі лигасының үйлестіруші қызметі жасайды. "Ислам ынтымақтастығы" тұжырымы қозғалысқа кіретін күштердің таптық және әлеуметтік әртектілігін және мақсатты ұстанымдардың айырмашылықтарын көрсетеді. Кейбір жағдайларда империализмге қарсы күресте бірлесуді, саяси және экономикалық тәуелсіздікті нығайтуды, мәдени ерекшеліктерді сақтауды мақсат тұтса; басқа жағдайларда - шетелдік монополиямен өз табысы үшін бәсекелік күрес жолында таптық бауырлардың ынтымақтастығы деп; үшінші жағдайларда - исламдық әлемдік тәртіпті орнықтыру үшін демократиялық реформаларға және қайта құруларға қарсы идеологиялық платформа ретінде қабылданады. Панисламизмнің уағыздарын белсенді түрде таратушылар - "Мұсылман бауырлар", "Джамаат-и ислами" және т.б. экстремистік діни ұйымдар. Панисламизм идеяларына әртүрлі мұсылман фундаменталистері жүгінеді.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Панисламизм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}