Палеобиоценоз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Палеобиоценоз (палео... және биоценоз),палеоценоз-биоценоздың қазба түрінде сақталған түрлері. Палеобиоценоз бірге тіршілік еткен организмдер қалдығын (ориктоценоз) және шөгінді топырақ арасында көміліп қалған жануарлар мен өсімдіктер өлігін (тафоценоз) зерттеу арқылы анықталады. Палеобиоценоздың биоценоздан ерекшелігі бұнда әдетте қаңқасыз организмдер қалдығы қазба түрінде сақталмайды, көмбеде организмдердің кездейсоқ қалдықтары кездесуі де мүмкін. Палеобиоценозды зерттеудің геологиялық өткен дәуірлрде тіршілік еткен жануарлар, өсімдіктер құрамын тануда биостратиграфияда үлкен маңызы бар.

Дереккөздер

<ref>Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том,102 бет</ref>