Палеобиология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Палеобиология - (палео... және биология) - қазба организмдерінің тіршілігін және олардың тіршілік еткен ортасы жағдайын зерттейтін ғылым. Палеобиология ұғымы қазба өсімдіктер мен қазба жануарларға бірдей қолданылады, яғни қазба организмдердің биологиясын зерттейді. Сөйтіп, Палеобиологияны, палентологияның екінші бір атауы деп те қарауға болады. Бірқатар ғылыми мекемелерде, жоғарғы оқу орындарында қазба организмдерді зерттейтін лаборатория, кафедра, ғылыми-зертханалық институттары, мысалға., Грузиядағы Палебиологиялық институты, Қазақстандағы Зоологиялық иснтитутының палебиология лабораториясы осылай аталады.

Дереккөздер

<ref>Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том,102 бет</ref>