Пазиграфия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Палатализация (Үлгі:Lang-la - таңдай) - дауыссыз дыбыстарды айтқан кезде тілдің орта тұсының жоғары көтерілуі нәтижесінде дыбыстың жіңішке айтылуы. Палатализация әр тілде әр түрлі дамыған. Мысалы, ол орыс тілінде өте күшті. Қазақ тілінде де Палатализация бар. Үндестік заңына байланысты қазақ дауыссыздарының бәрі не жуан, не жіңішке айтылады. Алайда, олардың артикуляциялық белгілері біркелкі емес. Тыс, тіс деген сөздердегі т дауыссызы жуан-жіңішке айтылып тұр. Апайда олардың арасындағы артикуляциялық алшақтық онша үлкен емес. Жасалу орны бірдей, екеуі де тіл ұшымен айтылады. Тек жуан т-ны айтқанда тіл сәл артқа, ал жіңішке т-ні айтқанда. тіл сәл алға жылжиды. Соның нәтижесінде т дауыссызын екі түрлі естиміз. Ал, енді қыр, кір деген сөздердегі қ-к дауыссыздары да бір дыбыстың жуан-жіңішке сыңарлары болып табылады. Алайда олардың жасалу орыңдары, т тәрізді емес, бір-бірінен ете алшақ: жуан қ - тіл арты (тілшік), жіңішке к - тіл ортасы дауыссыздары. Дегенмен жуан т, қ мен жіңішке т, к дыбыстарының фонологиялық қызметі бірдей. Осындай жасалу орны алшақ жуан-жіңішке дауыссыздардың қатарына ғ-г (аға-еге), й-й (ай-әй), ң-ң (таң-тең) тіл ортасы тіл арты жұптары да жатады. <p style="text-indent: 25px;"> Қазақ тілінде "дауыссыздардың жуан-жіңішке айтылуы дауыстыларға байланысты" деген қағида бар. Мұның өзі күмәнді ереже болып табылады. Себебі қазақ тіліндегі дауыстылардың да, дауыссыздардың да жуан-жіңішке айтылуы сөздің бүкіл айтылым тұрқын жуан-жіңішке етіп реттеп отыратын үндестік (сингормонизм) заңына байланысты.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}