Павлодар мұнай-химия зауыты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Павлодар мұнай-химия зауыты – мұнай өңдеу кәсіпорны. 1978 жылы іске қосылған. Технологиясы жағынан Қазақстанда ғана емес, ТМД елдеріндегі соңғы үлгімен жабдықталған кәсіпорындардың бірі. 2000 жылдан ЖАҚ. Зауыт отындық нұсқа бойынша мұнай өндіреді, өңдеу тереңдігін 85%-ға дейін қамтамасыз етеді, мұның өзі мұнай өнімдерін өндірушілердің әлемдік таңдаулы деңгейіне сай келеді. Мұнай өңдеудің жобалық қуаты бойынша зауыт еліміздегі аса ірі кәсіпорын болып табылады: жылына 7,5 т мұнай өндіреді. Өнімінің негізгі түрлері: этилдендірілмеген бензиндер: А-76, АИ-80, АИ-92, АИ-93, АИ-95, АИ-98; реактивтік қозғалтқыштар үшін отын; жазғы және қысқы дизельді отын; мазут М-40, М-100; құрылыс, жол, төбелік битумдар; мұнай кокстары; техникалық көміртек үшін шикізат; сұйытылған газ. Кәсіпорында 2700-ден астам адам еңбек етеді. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Ғ. Қажкенов <references/>