Павлодар мемлекеттік университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (ПМУ) – тек қана Павлодар аумағында емес, сонымен қатар Республикадағы ғылым мен мәдениеттің білім орталығы, Қазақстанның үлкен университеттерінің бірі болып табылады.

Тарихы

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 1960 жылы 20 қыркүйекте КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы негізінде, 1996 жылы мамыр айында Индустриалды институт негізінде құрылған. Институт бұрынғы 24-ші әскери мектептің бір қабатты 10 барағында және екі ғимаратта орналасқан. Үш факультетте – машина жасау, инженерлік-құрылыс және энергетикалық – 400 студент оқыған. Дәрісті 16 оқытушы жүргізген, оның біреуінде ғана доцент атағы болған.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – ұзақ жылғы өз тарихы және даңқы бар жоғары оқу орны: жарты ғасырдан астам уақытта жоғары білікті мамандарды даярлады. Қазіргі кезде бұл инновациялық типтегі көп салалы университет, аймақтың басты жоғары оқу орны, орасан зор ғылыми орталық, Қазақстан Республикасы және оның аймақтарында өз жаңалықтарымен және жетістіктерімен кең танымал болып отыр.

С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері саны жағынан және сапалы білім беру қызметі бойынша Павлодар облысының жоғары оқу орындары арасында сөзсіз көшбасшы болып табылады. ЖОО 66 бакалавриат, 46 магистратура, 4 PhD докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде әртүрлі бағытта жоғары кәсіби мамандарды дайындайды. Дайындықты 567 оқытушы, соның ішінде 47 ғылым докторы, профессор, 227 ғылым кандидаты, доценттер жүзеге асырады. Университетте ғылыми-зерттеу жұмыстары 41 кафедрада және 13 ғылыми-тәжірибелік орталығында, «Ертіс» ғылыми-технологиялық паркінде, аймақтық инновация және трансферттік технологиялар орталығында және студенттік ғылыми орталығы базасында жүргізіледі.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті әлемдік білім беру кеңістігінде бірігу үрдісі бойынша халықаралық танымалдыққа жетті, еуропалық білім беру үрдісінің толық құқылы қатысушысы болып табылады. С. Торайғыров атындағы ПМУ бизнес, ғылым және өнер көшбасшыларының Оксфордтық Саммит аясында «Еуропалық сапа» халықаралық сыйлығымен марапатталды.

Жыл сайын өтетін басты рейтингке сәйкес, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстанның таңдаулы көп салалы жоғары оқу орындары арасында көшбасшылар қатарының бесіншісі орынға енді.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті - әлемдегі классикалық университеттердің Болондық хартиясының, LAESTE студенттік машықтану бойынша алмасу халықаралық қауымдастығының, Сібірлік ашық университет қауымдастығының, Қазақстан жоғары оқу орындар қауымдастығының және Шанхай серіктестік ұйымының мүшесі. Университет аймақтағы үш сатылы кадрларды дайындау бойынша: бакалавриат, магистратура және PhD докторантура білім беруді жүргізетін бірден-бір беделді жоғары оқу орны.

2011 және 2012 жылдары С. Торайғыров атындағы ПМУ білім беру бағдарламаларының Халықаралық аккредитациясын сәтті өткізді: университеттің қызметі Германияның ACQUIN халықаралық аккредитациялық агенттігінің және білім беру сапасын қоғамдық бақылау және АККОРК мансапты дамыту бойынша ресейлік агенттіктерінің жоғары бағасын алды.

Ректорат

1. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры - Арын Амангелдіұлы Өрсариев;

2. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректоры - Нұрлан Телманұлы Ержанов;

3. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры - Ақышев Арман Айтмұхаметұлы.

4. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Академиялық жұмыс жөніндегі проректоры - Ахметова Гаухар Ғалымқызы.

Университет факультеттері

Физика, математика және ақпараттық технологиялар, Металлургия, машинажасау және көлік, Cәулет–құрылыс, Қаржы-экономика, "Энергетика", Гуманитарлық-педагогикалық, Химиялық технологиялар және жаратылыстану, Құқық және тарих, Агротехнологиялық факультеттері бар. Гуманитарлық-педагогикалық факультетінде 9 кафедра жұмыс істейді. Олар: - Психология және педагогика кафедрасы — меңгерушісі п.ғ.д., профессор Е.И.Бурдина; - Қазақ филология кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Н.Қ.Жүсіп; - Журналистика кафедрасы — меңгерушісі т.ғ.д., профессор Қ.М.Алдабергенов; - Қазақ тілі кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., профессор А.Ф.Зейнуллина; - Орындаушылық өнер кафедрасы — меңгерушісі Д.М. Мерғалиев; - Орыс филология кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., Г.Н.Кенжебалина; - Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., Г.Х.Демесінова; - Шетел филологиясы кафедрасы — меңгерушісі п.ғ.к., А.Қ.Қайырбаева; - Шет тілдер кафедрасы — меңгерушісі Б.К.Жұмабекова. 1998 жылдан' магистратура және аспирантура, мектеп-лицей мен колледж жұмыс істейді.
Университеттің материалдық-техникалық базасы 7 оқу корпусынан, ғылыми кітапханадан (6 оқу залы, 900 мың дана кітап), лабораториядан тұрады.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Спорттық база

С. Торайғыров атындағы ПМУ университеті мынадай спорт кешендері бар Ломов көшесі 64, және Р. Люксембург көшесі 138:

720 орындық стадион трибунасымен және футбол алаңы бар.

1. Спорт ядро, 4 жүгіретін 400 қашықтық жолы бар.

2. Ойын алаңдары бар:

3. - баскетбол - 1;

- волейбол -2;

- бадминтон - 1;

- шағын-футбол - 3.

4. гранат,диск, лақтыратын секторлары бар.

5. Ұзындыққа секретін шұңқыры бар.

Спорт залы:

36м. х 18м.- түрлі ойын ойнайтын залы бар (волейбол, баскетбол, бадминтон)

Стандартқа сай емес залдар бар:

- бокс-залы;

- үстел теннис залы;

- қүрес залы;

- тренажёр залы.

Қыс айларында сырғанақ бар (60 пар коньки).

Шаңғы базасы бар трассаның ұзындығы – 1,5 км , (120 пар шаңғы).

Университет ректорлары

Университет кітапханасы

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Павлодар мемлекеттік университеті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}