Павлодар машина жасау зауыты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Павлодар Машина Жасау Зауытымашина жасау кәсіпорны.

  • Жөндеу-механикалық зауыттың негізінде 1991 жылы құрылған.
  • 1994 жылы АҚ-ға айналды. Зауыт 16 тонналық жүк көтергіш авто крандар, төрт тұрықты крандар, көпірлі крандар, арқалық крандар шығаруға мамандандырылған. Кәсіпорын, сондай-ақ жел агрегаттары, жел-су көтергіш қондырғылар, бетон ерітіндісін араластырғыштар, редукторлар сияқты қосымша машина жасау өнімдерін шығаруды да игерді. Сонымен қатар 20-дан астам көпшілік қолды тауар түрлерін: жиһаз, ыстауыштар, металл есіктер, сейфтер, контейнерлер, гантельдер, т.б. шығарады. Зауыт өнімін негізінен Қазақстан Республикасының кәсіпорындары тұтынады. Сонымен қатар Ресей кәсіпорындарының да тапсырыстары орындалады. Кәсіпорында 682 адам еңбек етеді.

<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Дереккөздер

Ғ. Қажкенов <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}