Павел Осипович Кайров
Павел Осипович Кайров (1904, Ресей империясы, Таллин қ. – 8 сәуір 1962, КСРО, Санкт-Петербург қ.) – актер, Қазақстанның халық артісі. (1955; 1947 жылдан Қазақстаның еңбек сіңірген артісі).
Өмірбаяны
Сахналық өнер жолын Өскеменде көркемөнерпаздар үйірмесіне (1936 жылға дейін) қатысудан бастады.
1936 – 1956 жылдары Республикасы орыс драма театрының (Алматы) актері болды.
Театр рөлдері
Орыс драма театрында ол көптеген рөлдерде ойнап, өзінің актерлік өнерімен көрермендер сүйіспеншілігіне бөленді. Осы театр сахнасында қойылған спектакльдерге қатысып, Василий Царев (В.П. Катаевтың “Майданнан қайтқан солдатында”), Серьга (Н.Ф. Погодиннің “Қайықшы қызында”), Қараман (М.Әуезовтің “Қарақыпшақ Қобыландысында”), Минутка (Б.Ф. Чирсковтың “Жеңімпаздарында”), Якорев, Гриша, Назар Авдеевич (А.М. Горькийдің “Соңғылар”, “Жауыздар” және “Күннен туғандарында”), Городулин, Боровцев (А.Н. Островскийдің, “Ұлық болсаң – кішік болы” мен “Тұңғиығында”), Труффальдино (К.Гольдонидің “Екі мырзаға бір қызметкерінде”), Годар (О. де Бальзактың “Өгей шешесінде”), Лорд Клинтон (В.Гюгоның “Мария Тюдорында”), т.б. рөлдерді орындады. Киноға да түсіп, Чаусов (“Мазасыз көктемде”, 1956), Кошкин (“Ботагөзде”, 1957), Поздняков (“Теңіз дауылында”, 1958) бейнелерін экранға шығарды. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>
Фильмографиясы
- 1956 - Мазасыз көктемде - Павел Чаусов
- 1957 - Ботакөзде - Кошкин
- 1958 - Теңіз дауылында - Поздняков
- 1959 - Ертістің жабайы жағасында - эпизод