Павел Валерьевич Евтеев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Футболшы Павел Валерьевич Евтеев (28 маусым 1967, Өскемен, Шығыс Қазақстан Облысы, Қазақ КСР, КСРО) — КСРО және Қазақстан футболшысы, Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаныс шебінде ойнаған.
Карьерасы
Өскемен футболының және Алматыдағы Республикалық спорт-интернаттың түлегі. Футболшылық жолын КСРО чемпионатының екінші лигасындай ойнатын Алматының СКИФ командасында бастады. Карьерасының басым бөлігін "Востокта" өткізді.
Ұлттық құрама сапында 16 матч өткізіп, үш доп соқты.
2003 жылы футболшылық карьерасын аяқтаған соң бапкерлікті бастады. 2004 жылы "Востокта" бас бапкердің міндетін атқарушы боп қызмет жасады, 2007 жылы бас бапкер болды.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде
- КСРО чемпионатындағы Екінші Лига чемпионы: 1990
- Қазақстан чемпионы (2): 2000; 2001
- Қазақстан кубогы (2): 1994; 2000/01
Бапкер ретінде
- Қазақстанның бірінші лигасының чемпионы: 2010