Оңтүстік Қазақстан мұнай барлау экспедициясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оңтүстік Қазақстан мұнай барлау экспедициясы – 1960 ж. Оңтүстік Қазақстан геологиялық басқармасының құрамында құрылған. Облыстың Төле би ауданындағы Тоғыз станцияда орналасқан. Оған Оңтүстік мұнай барлау тобы деп аталатын Арыс және Луговой мұнай барлау өндірістік бөлімшесі кіреді. Шу – Сарысу ойпаңында іздеу және барлау жұмыстарын жүргізді, мұнда азотты-гелийлі газдар (Солтүстік Үшарал, Үшарал-Кемпіртөбе) және жанғыш газдар (Амангелді, Айрақты, Орталық, Батыс Әппақ) кеніштері ашылды.

  • 1983 ж. - Оңтүстік Торғай ойпаңындағы Арысқұм иінін барлады.
  • 1984 ж. - [[[Құмкөл мұнай-газ кен орны|Құмкөл]] мұнай кенішін анықтады. Мұнда кейіннен 13 мұнай-газ кеніші ашылды.
  • 1988 ж. - кәсіпорын құрамынан ұңғымаларды сынақтан өткізетін Ленгір және Сырдария мұнай барлау экспедициялары бөлініп шықты, олар көп ұзамай акцияландырылып, қайтадан құрылған «Сенім» холдингілік компаниясының құрамына кірді.
  • 1993 ж. - ол өз кезегінде «Оңтүстік мұнай» АҚ болып қайта құрылды.


Республика аумағының бүкіл оңтүстік-шығыс бөлігі ОҚМБЭ-нің бұрғылау жұмыстарымен зерттелді.<ref>"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оңтүстік Қазақстан мұнай барлау экспедициясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}