Оңалбек Кенжебеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оңалбек Кенжебеков(1953-2007) - 3 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқүм (қазіргі Отырар) ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген соң, бірер жылдай ауылдық мектепте мұғалім болып істейді. 1980 — 1995 жылдары «Жазушы» баспасында қызмет атқарған.

Алғашқы сын-сықақтары «Арман қанатында» (1984) атты ұжымдық жинаққа енген. «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Шыжбық» (1987), «Әңгіртаяқ» (1993) кітаптарының авторы. Қожанасыр туралы күлкілі әңгімелерінің басын біріктіріл, «Рауан» баспасынан (1999) «Қожанасыр қақпасы» деген кітап шығарған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}