Охлократия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Aristotelesbunt.jpg
Аристотель

Охлократия (Үлгі:Lang-el – тобыр, қара бұқара, kratos – билік) – грек ойшылдарының еңбектерінде кездесетін басқару нысаны; билік жауапсыз популистердің, демагогтардың қолында шоғырланатын, саяси экстремизм түрінде, халық топтарының, тобырдың деструктивті әрекеттерінде, үкіметке, парламентке ультиматум қоюдан, мемлекеттік мекемелерді басып алу, өрт қою, диверсиямен байланысты санасыз акциялардан көрінетін демократияның шектен тыс тұрпайы түрі.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>

Аристотельдің еңбегінде Афинадағы 400-діктің билігі тобыр үстемдігі деп аталады. Себебі сол уақыттарда ақсүйектер биліктен шеттетілді, ал лауазымды қызметтерге қабілетке қарай емес, жеребе арқылы тағайындалды. Жаңа заман тарихында бұл ұғым Ұлы француз төңкерісінің кейбір кезеңдері мен Париж Коммунасы кезіндегі мемл. құрылысты сипаттауда қолданылды. Ол кездерде Францияның негізгі лауазымды қызметкерлерін даурыққан тобыр сайлады. Өз табиғатында охлократия ескі мемл. құрылыс құлап, жаңа тәртіп орнағанға дейін уақытша орын алатын өтпелі басқару нысаны болып табылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Охлократия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}