Оуэн Роберт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оуэн Роберт (1771-1858) – ағылшын әлеуметтанушы-утопист. Негізгі жұмыстары: «Адам мінезінің пайда болуы туралы», «Жаңа енегелі дүние кітабы» және т.б. әлемнің сапалы жаңа жағдайы - бар адамдық гармония - адамдардың тиісті тәрбиесінен басталады деп ойлаған. Замандастардың жетіспеушілігінде әлеуметтік орта - капитализм кінәлі деп санаған, оны социализмге ауыстыру адам мінезінің өзгеруіне себепші болады. Оқытуды балалардың өндірістік еңбегімен байланыстыру мұратын дамытқан. Коммунистік қоғамдағы қоғамдық тәрбие ғана жан-жакты дамыған адамдардың қалыптасуына себепші болады деп айтқан-ды. Дінге қарсы білім үшін сөз сөйлеген. Өмір бойы бірнеше рет өз мұраттарын іске асыруға ұмтылған-ды: Нью- Лэнаркта (Шотландия) бөбекжай мен балабақшадан құралатын «Кішкентай балаларға арналған мектеп», сонымен катар 5-10 жастағы балаларға арналған бастауыш мектебі енген «Мінездің пайда болуына арналған жаңа институтын» ашкан. Кештер бойы «Жаңа институтта» фабрикада жұмыс істейтін оспірімдерге сабақтар жұргізілді, ересектер үшін лекциялар, мәдениетті іс-шаралар и және консультациялар өткізілді. Жан-жақты даму мен оқытуды өндіріетік еңбекпен байланыстыру принципін АҚШ «Жаңа гармония», Орбистондағы, Ұлыбританияда Гармон-холл тәжірибелі коммунистикалық партияларын жасауда ұстанды.<ref name="name">Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оуэн Роберт|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}