Отырар–ТВ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«ОТЫРАР – ТВ» Телекомпаниясы, 1992 ж. Шымкент қаласында құрылған. Қазақ, орыс, өзбек тілдерінде хабар таратады. «Сарыарқа» тәуелсіз телевизиялық тораптың құрылуына бастамашы болған, Қазақстан телехабаршылары ұлттық академиясының және Қазақстан журналистері конгресінің мүшесі. UNІSEF ұйымының, «Филипп-Морис» компаниясының және облыс әкімінің сыйлықтарын алған, телекомпанияға 1998 ж. «Балалар бағдарламасы» номинациясы бойынша «Час без родителей» хабары үшін «Алтын жұлдыз» сыйлығы берілген. «Ren-TV» мен НТВ телеарналарын ОҚ бойынша тарату құқығы бар. Үш тілде таңғы, күндізгі, кешкілік және апталық қорытынды жаңалықтар таратады. Балалар редакциясы «Час без родителей», ал спорт редакциясы «Топжарған» хабарын береді. Күн сайын таңертең «Нұрлы арай» мен «Пора вставать» бағдарламалары беріледі. Сонымен қатар «Әйел өмірінен», «Экстренный вызов», «Время – деньги», «Юридическая самооборона» тәрізді авторлық бағдарламалар да бар.

Сілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Отырар–ТВ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}