Отпан ауылдық округі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Әкімшілік бірлік-Қазақстан

Отпан ауылдық округіМаңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Тұщыбек, 15 бекет ауылдары кіреді. Орталығы – Тұщыбек ауылы.

Тарихы

Округ 2007 жылы Жыңғылды ауылдық округінен бөлініп шығу арқылы құрылды<ref>Маңғыстау ауданының Отпан ауылдық округін құру туралы</ref>.

Округ құрамы

Округ құрамына екі елді мекен кіреді:

Халқы

Тұрғыны:

Селолық округте 92 отбасы, онда 439 тұрғын тұрады. Әйел адам- 222, ер адам-245. Сайлаушылар саны-232. Еңбекке жарамды адамдар-216, оның ішінде бюджеттік мекемелерде-135 адам, өндірісте-35 адам, сауда және шағын бизнесте-6, темір жол саласында-40 адам жұмыс жасайды.

Округте 42 зейнеткер бар, оның ішінде І-топтағы мүгедектер 4, ІІ-топтағы мүгедектер 6, ІІІ-топтағы мүгедектер 3. 11 көп балалы отбасы бар. 79 мектеп жасындағы, 74 мектеп жасына дейінгілер , 34 жоғарғы және арнаулы оқу орнында оқиды.

Білім беру саласы

Тұщыбек негізгі орта мектебі 2013-2014 оқу жылын 46 оқушымен аяқтады. 2014-2015 оқу жылын 50 оқушымен бастады. «Балапан» бағдарламасы аясында ауылда «Аяулым» балабақшасы ашылды.

Денсаулық сақтау саласы

2008 жылы медпункт салынып, пайдалануға берілді. Медпункт Жыңғылды ауылы ауруханасына қарайды. Округте Е.Оразақов атындағы шипажайы жұмыс істеуде.

Ауыл шаруашылығы

Селолық округ бойынша 11 жеке кәсіпкер және 4 шаруа қожалығы бар. Шаруа қожалықтарының 2-уі мал шаруашылығымен айналысса 2-уі бау-бақшалықпен айналысады.

Осы жылда Бәйіш шару қожалығында барлығы 550 кг оның ішінде алма-300 кг, ерік-250 кг өнім түссе, Шынар шаруа қожалығы бойынша барлығы 500 кг оныңішінде алма-200 кг, ерік-300 кг өнім түсті.

Округ бойынша жеке қожалықта 1497 қой ешкі, 176 бас түйе , 243бас жылқы, 76 бас сиыр болса, шаруа қожалықтарында 1434 қой, ешкі, 299 бас түйе, 478 бас жылқы , 10 бас сиыр бар.

Мәдениет және спорт саласы

Аудандық кітапхана Е.Оразақов атындағы шипажайда орналасқан. 6000 кітап қоры бар. Округте селолық клуб, спорт зал, акт залы жоқ.

Аудан әкімі Ж.Айтуаровтың ұсынысымен селолық клубы жоқ елді мекендерге кітапхана мен бірге клуб құрылысын салу үшін ЖСҚ жасақтау жоспарланған .

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Маңғыстау ауданы ауылдық округтері