Оспан Ешмұхаметұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оспан Ешмұхаметұлы (Бұлбұл қари)(т.ж.б. - 1955) - Шығыс Қазақстан облысында (бұрынғы Семей губерниясы Қарақол ауылы) дүниеге келген. 1906 - 1908 жылдары Лепсі уезіндегі медреседе, ал 14 жасынан бастап, Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде алты жыл оқып, Құранды толық меңгерген, діни қызметі арқылы халық арасында «Бұлбұл қари» деген лақап есімімен танымал болған. Көп жылдар бойы мешіт-медреселерде бала оқытып, көптеген шәкірттер дайындаған. Өзі жүрген өңірлердегі халықтың мұсылманша сауатты болуына елеулі еңбек сіңірген. 1937 жылы саяси қуғынға ұшырап, Қытай еліне ауып кеткен. Тарбағатай өлкесіне барып, сол жердегі мешіт-медреселерде ұстаздық қызмет атқарған. 1946 - 1951 жылдары Тарбағатай өлкесі Шәуешек қаласының бас имамы және сол уақытта кұрылған Шәуешек қаласындағы Діни қазияттың (соттың) төрағасының орынбасары болып тағайындалады.1952 жылы Кеңес Одағына оралып, 1955 жылы Шығыс Қазақстан облысы Көкпектіде қайтыс болады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub