Оспан Балтас Сәнитасұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оспан Балтас Сәнитасұлы1956 жылы 6 қаңтарда Павлодар облысы, Щарбақты ауданы, Қызылтаң ауылында дуниеге келген. <ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

  • 1975 жылы Н.В.Гоголь атындағы көркем-сурет училищесін,
  • 1985 жылы Алматы мемелекеттік театр-көркем сурет институтын бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы "Жалын" баспасында кіші көркемдеуші редакторлық қызметінен бастады. Балтас Сәнитасұлы кітап безендіру ісінде өз қолтаңбасы бар суретші ретінде танылды. "Үшқыз" ертегісіне орындаған безендіруі республикалық кітап конкурсында бірінші дәрежелі дипломдга ие болды.

  • 1988 жылы "Калима мен Димна" кітабын жасаған безендіруі Берлинде өткен халықаралық көрмеге қатысты.
  • 1988-1995 жылдары "өнер" баспасында көркемдеуші редактор, бас суретші қызметтерін атқарды.
  • 1990 жылы "Қажымұқан" плакаты Мәскеудегі Бүкілодақтық көрмеге қатысып көрермен ықыласына бөленді.
  • 1992 жылы Москвада өткен Одақ конкурсының (плакат) жюри мүшесі болды.
  • 1995-1997 жылдары ҚазКСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас маманы қызметінде болды. "Абай 150" эмблемасы авторларының бірі.
  • 1995 жылы "өнер" баспасында шыққан "Абай" плакатын, орыс тіліндегі Абайдың "Қара сөздерін" безендірді. "Абай елі" альбомының көркемдеуші редакторы.
  • 1998-2003 жылдары "Ана тілі" баспасында бас суретші қызметін атқарды. *Республикалық, халықаралық кітап конкурстарының лауреаты.
  • 2004 жылы "Мектеп" баспасында безендірілген "Темір және оның империясы" кітабы Москвада II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қазіргі таңда Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі және О.Таңсықбаев атындағы көркем-сурет колледжінде ұстаздық қызметте.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}