Ор жанындағы шайқас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ор жанындағы шайқас (немесе Мединаны қоршауға алу) – одақтас тайпалардың Мединеге жасаған шабуылы. Бұл одаққа құрайыш, Бану ан-Надир, Гатафан және Бану Курайза (бұл тайпа мұсылмандармен жасасқан келісімдерін бұзып, одақтастар әскеріне қосылып кетеді) тайпалары бірікті. Тайпалар әскері қаланы 627 жылдың 31 наурызында қорщауға алады. Қоршау 2 аптадан көпке созылды. Мұсылмандар қорғану мақсатында қаланың жан-жағынан ор қазады. Орды қазуға Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзі де белсене араласады. Сондықтанда бұл шайқас осылай аталады. Бұл шайқаста мұсылмандардың жеңуін Исламда АЛЛАның мейірімі деп есептейді. Шайқас барысында мұсылмандардан алты адам, ал қарсы әскерден үш адам қаза болды. Одақтас әскер қанша күн бойы қалаға шабуыл жасағанымен, бәрі сәтсіз болады. Оның үстіне ауа райы бұзылып, дауыл көтеріліп әскердің шатырларын ұшырып, қазандарын төңкеріп кетті. Ақырында ішкі жанжалдың нәтижесінде одақтастар әскері тарап кетеді. Кейін Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) әскерімен келісімді үзген Бану Курайза тайпасын жазалады. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}