Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту(орыс мектептерінде) қазақ тілінде оқи, жаза, түсіне, сөйлесе білуге үйрету, дағдыландыру.

<p style="text-indent: 25px;"> Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуалдың езгеруі, елдің егемендік алу, тіл туралы заңның қабылданып, қазақ тілінің мемлекеттік статус алуы, сондай-ақ тіл ғылымында тілдің функционалдық-коммуникативтік ерекшеліісгеріне кеңіл бөліне бастауы қазақ тілін оқыту әдістемесі идеяларының да түбегейлі жаңаруын қажет етті. Сонымен қатар бұған шет тілдерді оқыту әдістемелеріндегі ғыл. тұжырымдамалар да әсер тигізді. Сондықтан да соңғы кездердегі қазақ тілін оқыту процесі бір принципке — коммуникативті принципке негізделуде. Осы принципке сәйкес лексикалық, материалды ситуациялық-тақырыптық бағытта топтастыру, грамматикалық материапдарды коммуникативтік маңыздылығына қарай беру турасында жаңа идеялар туды. Әсіресе жеке сөздерді емес, сол сөздік тіркесімдер тізбегінде (қандай сез тіркестерінің құрамында кездесетіндігін) оқытып үйрету, грамматикалық және лексикалық материалдарды диалогтар арқылы үйретуге дағдыландыру әдістемесі қолданылуда. <p style="text-indent: 25px;"> Қазақ тілін белгілі бір деңгейде меңгеру процесін тиімді түрде жеңілдететін ақпараттың диалог, диалог- тапқылау, диалог-нақтылау, сұрақ-жауап тәрізді әдістемелер пайдаланылуда. Мәтін мен диалогтың арасалмағы да өзгереді. Егер дәстүрлі әдістемеде мәтінге көбірек орын беріліп, диалог мәтін материалдарын қайталау, нақтылау үшін пайдаланып келген болса, О. м. қ. т. о - дың қазіргі әдістемесінде диалог ақпаратты оқытудың сөйлеуге, сөйлесуге дағдыландырудың негізі ретінде игеріледі, диалогте мәтінге қарағанда көбірек мән беріледі, ал мәтін алдыңғы диалоггарда берілетін мазмүнды қорыту, түйіндеу үшін қолданылады. О. м. қ. т. о. әдістемесінің ғылыми түрде дамуына Ш. Сарыбаев, Ж. Адамбаева, Р. Әміров, Ы. Маманов, Н. Орапбаева т. б. ғапымдардың еңбектері елеулі үлес қосты. Оқытудың "баламалық", "авторлық" әдістемесі пайда болуда (мысалы, Жүнісбековтың, Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың шетелдіктер үшін орыс тілі кафедрасының ұжымы дайындаған компьютерлік оқыту әдістемесі. Е. В. Ершембееваның басқаруымен) т. б. О. м. қ. т. о - да принципті түрдегі жаңа оқулықтарды жасау женінде практикалық тәжірибені қорыту, түйіндеу мақсатындағы теориялық зерттеулер де жүргізілуде.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}