Орысқазған мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны Орысқазған мұнай кен орны - Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Сағыз өзені сағасының аңғарынан анықталды. Пайдалануға 1987 жылы берілген.

Геологиялық құрылымы

Геологиялық құрылымына қарай кен тұзды төбелік кендер тобына жатады, алаңының аумағы 12x6 км. Алаңынан үш мұнайлы учаске ашылып, игерілуде және өнім беретін 16 қабат анықталды. Бұлардағы неоком, юра және триас кезеңдерінде түзілген мұнайлы кен кабаттарының бәрі құрылымы бойынша тұтас не бір-бірімен сабақтаса жатқан жердің құрылымдық қыртысы қатарына жатады. Төменгі триаста қалыптаскан шөгінділерде саздақ топырақ, ұсақ құм түйіршіктері, бір-бірімен байланысы онша берік емес құмайт қыртыстар кездеседі. Юралық қабаттар көбіне қыртысқа айналған жыныстардан тұрады. Бор жүйелерінде саз балшық пен ұсақ құм түйіршіктері аралас ұшырасады.

Жатыс сипаты

Кен түзілген қабаттардың орташа тереңдігі 400-900 м аралығында. Мұнайы мол неоком қабаттарының қалыңдығы 2,1-4,25 м-ге, юралық шөгінділерде 5-9,7 м-ге, триастық тұнбалар 5,8 м-ге дейінгі мөлшерде қалыптасқан.

Құрамы

Мұнайдың құрамында 0,18-0,84% күкірт, 18-69% мөлшерінде басқа да жеңіл заттар бар. Кенде 1988 жылы 69,695 мың т.мұнай өндіріліп, ең жоғары мөлшерде өнім алынды.<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер