Орынбор ғылыми архив комиссиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орынбор ғылыми архив комиссиясы – ғылыми құжаттық мекеме.
1887 жылы желтоқсан айында 25 адамнан тұратын Орынбор ғылым архив комиссиясы құрылды. Комиссияның басты мақсаты – архив iстерiн ретке келтiру, Орынбор өлкесiнiң тарихын зерттеу, археологиялық және этнографиялық материалдар жинау болды. Алғашқы жылы қазақтардың тарихы жөнiндегi құжаттар, көршi мемлекеттермен сауда және қарым-қатынастары туралы құжаттар жинақталды. Жергiлiктi өлкетанушылармен бiрге комиссияның жұмысына В.В.Бартольд, Санкт-Петербург археология институтының директоры Н.В.Покровский, академик В.В.Радлов құрметтi мүшелер ретiнде қатысты. А.Балғымбаев, А.Байтұрсынов, М.Ф.Кәрiмов, М.З.Рамеев, М.Ф.Сүлейменов, т.б. қазақ, татар және башқұрт зиялылары комиссия жұмысына белсене араласты. Орынбор ғылым архив комиссиясы Қазақстанда 18–19 ғасырларда Қазақстанды Ресейдiң отарлау тарихы жөнiнде көптеген деректер жиналды. И.А.Кастаньенiң «Қазақ даласы мен Орынбор өлкесiнiң көне ескерткiштерi» деген еңбегiнде Қазақстан тарихы жөнiнде алуан түрлi деректемелiк материалға жүйеленген шолу берiлдi. Комиссияның «Труды» атты өз баспасөз органы қызмет iстедi. 1894–1917 жылдарда бұл басылымның 34 саны жарық көрдi. Орынбор ғылым архив комиссиясы Қазан төңкерiсiне дейiн жұмыс iстедi.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>.

Дереккөздер

<references/>

Қара

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орынбор ғылыми архив комиссиясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}