Орынбор-Торғай губерниясы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Әкімшілік бірлік Орынбор-Торғай губерниясы — 1920-1921 жылдары болған РКФСР құрамындағы Қазақ АСКР әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы — Орынбор қаласы.
Тарихы
Губерния 1920 жылы 7 шілдеде Қазәскеревком мен Орынбор губатқарком бірлескен қаулысымен Орынбор мен Торғай губернияларын, сондай-ақ Орал облысының Темір уезін біріктіру арқылы құрылды. Губерния«... уақытша, Қазақ Республикасының ішкі әкімшілік бөлінісі туралы мәселе түпкілікті шешілгенше ...»деп құрылды.
1920 жылы қарашада Қостанай уезі Челябі губерниясы құрамынан шығарылып, Орынбор-Торғай губерниясына берілді.
1921 жылдың сәуіріне қарай Орынбор-Торғай губерниясы іс жүзінде Ақтөбе, Қостанай және Орынбор губернияларына бөлінді, бірақ ресми түрде өмір сүруін жалғастырды.
1921 жылы 8 желтоқсанда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Орынбор-Торғай губерниясының бөлінуін бекітті.