Орынбасар Әлжік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орынбасар Әлжік (1960 жыл. Қызылорда облысы, Сырдария ауданы) – тележурналист, сатирик. ҚазМУ–ді бітірген (1982 жыл). <ref>Қазақстан Баспагері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>. Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясының комментаторы (1992 жыл), Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы (1996–97 жылдары), облыстық акпарат және қоғамдық келісім басқармасынынң бастығы (1997–98 жылдар), облыстық телерадиокомпанияның төрағасы (1998–2004 жылдар), облыс әкімінің кеңесшісі (2004 жыл), облыcтық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары (2005–2007 жылдар), облыстық мәдениет басқармасының бастығы (2007 жыл). Қазір облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарады. Облыстық мәслихаттың депутаты болған (1998–2002 жылдар). ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Республика Президенті Н.Назарбаев]]тың Алғыс хатымен және "[[ҚР Конституниясының 10 жылдығына" арналған мерекелік медальмен марапатталған. Шығармалары "Сырдария" кітапханасы сериясымен жарық көрген. О.Әлжіктің басшылығы тұсында телеарна журналистері бірнеше рет ұлттық, республикалық, халықаралық конкурстардың жеңімпазы болып, шығармашылық биіктен көрінді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}