Орынбай Аймағамбетұлы Бәлдеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Бәлдеков Орынбай Аймағамбетұлы (1912, Маңғыстау ауданы Қаратөбе ауылы1994, Ақтау қаласы) – қайраткер. 193032 ж. Гурьев кеңестік-партия мектебінде оқыған. Маңғыстау ауданы комсомол к-тінің хатшысы болып, ұжымдық шаруашылықтарды (ұжымшар) ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысты. 1935 – 38 ж. Маңғыстау ауданы балықшы ұжымшарлар одағы кадрлар бөлімінің бастығы, 1938 – 39 ж. Форт-Шевченко қалалық коммуналдық шаруашылықтың меңгерушісі болды. 1939 ж. оның жетекшілігімен және тікелей қатысуымен қала тарихындағы маңызды оқиға – тұрғын үйлер мен мемлекеттік мекемелерді электрге қосу жұмысы атқарылды. 1940 ж. Форт-Шевченко қалалық партия комитетінің аппаратына жұмысқа ауыстырылды. 1942 ж. кеңес әскерінің қатарына шақырылып, 59-атқыштар дивизиясы саяси бөліміне нұсқаушы болып тағайындалды. 1943 ж. оған аға лейтенант атағы беріліп, атқыштар полкының рота командирі болып тағайындалды. Выборг, Новгород, Псков, Нарва қалаларын босату ұрыстарына қатысты. Эстония аумағындағы әскери ұрыстарда жарақат алып, госпитальдан шыққаннан кейін Гурьев облысы әскери комиссариатына жіберілді. 194652 ж. Форт-Шевченко қалалық партия комитетінің аппаратында жұмыс істеді. 195254 ж. Республикалық жоғары партия мектебінде оқыды. 195456 ж. Шевченко ауданы халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, Тельман атындағы балық аулау ұжымшарының төрағасы қызметтерін атқарды. 195861 ж. «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресі кадрлар бөлімінің инспекторы, 196169 ж. Гурьев тауар-тасымал басқармасындағы Баутин мұнай базасында директор, 196972 ж. Каспий аймақтық тау-кен комбинаты өндірістік-техника жиынтықтау басқармасында жауапты қызметтер атқарды. 1957 ж. оның есімі респ. «Құрмет» кітабына енгізілді. 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орынбай Аймағамбетұлы Бәлдеков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}