Орымбек Ахметбекұлы Жәутіков
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Орымбек Ахметбекұлы Жәутіков — ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1961), профессор (1961), Қазақстан ұлттық академиясының академигі (1962), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1974).
Қысқаша өмірбаяны
4 жасында шешесі өліп, жетім өскен Орынбек 1921 ж. 10 жасқа толғанда ауыл мектебінен сауатын ашады. 1923 ж. Қарқаралыдағы мектеп-интернатқа орналасып, оны 1930 ж. үздік бітіреді.
- 1930 ж. Қазақ педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, оны 1934 ж. үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербург мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған.
- 1934 - ҚазПИ-ді (қазіргі Алматы мемлекеттік университеті) бітірген.
- 1934 — 51 ж. - ҚазПИ-де ассистент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі;
- 1945 — 65 ж. - Қазақстан ұлттық академиясының Математика және механика секторында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі;
- 1965 — 69 ж. - Қазақстан ұлттық академиясының Математика және механика институтында директордың орынбасары, зертхана меңгерушісі;
- 1969 — 89 ж. - Қазақстан ұлттық академиясы Президиумының мүшесі, Физика-математика ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы;
- 1985 — 89 ж. - Қазақстан ұлттық академиясы Математика және механика институтында зертхана меңгерушісі болды.
Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған. Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков — республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі (1968). Бұл мектеп қазір Орынбек Ахметбекұлы Жәутіковтің есімімен аталады. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976). Октябрь Революциясы орденімен, 2 рет “Құрмет Белгісі” орденімен және медальдермен марапатталған.
Шығармалары:
- Математикалық анализ курсы, Алматы, 1958;
- Математиканың даму тарихы, Алматы, 1967;
- Бесконечные системы дифференциальных уравнений, А.-А., 1974 (сооавтор);
- Теория бесконечных систем дифференциальных уравнений, А.-А., 1978 (соавтор).
Мектеп мұғалімдері мен оқушыларына, жалпы зиялы қауымға арналған «Білім және еңбек» журналының шығуына атсалушылардың бірі болды.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>