Ортеке

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Dombra1.jpg
домбырасы

Ортеке<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>– қазақтың халық биі. Оның қуыршақ теке, жеке биші және бишілер тобы орындайтын түрлері бар. Біріншісінде үстел үстіне орнатылған қуыршақ-текенің аяғы, мойны, денесі қозғалмалы етіп жасалады да, жіңішке жіптер арқылы домбырашының саусақтарына байланады. Күй тартылғанда саусақтардың жоғары-төмен қозғалуына орай қуыршақ-текенің дене мүшелері де қимылдап, күй ырғағына сай билеп жүргендей әсер тудырады. Бидің бұл түрін Шашубай ақынның орындағаны туралы дерек бар. Екінші түрінде (жеке орындалуы) “Ортеке” биін алуан қимыл-қозғалыстар мен мимикалар арқылы орға түскен текенің, одан шықпақ болған нәтижесіз әрекетін бейнелейді. “Ортекенің” үшінші түрін (“Соқыр теке”) бишілер тобы орындайды. Мұнда жастар дөңгелене қол ұстасып, әндете жүріп билейді. Ортадағы көзі байлаулы адам шеңбердегінің біреуін ұстауға тырысады. Ұсталған ойыншы “айыбын” өтеген соң көзін байлап, ортаға шығады, сөйтіп ойын-би одан әрі жалғаса береді. 1934 жылы Алматы қаласында өткен Бүкілқазақстандық халық таланттарының слетінде “Ортеке” биін Ж.Оразәлиев орындаған. Ал сахналық нұсқасын Қазақ мемлекеттік академия опера және балет театрында (балет артистерінің орындауында) Д.Әбіров қойды. Музыкасы Н.Тілендиевтікі. Музыкалық өлшемі 2/4. Ырғағы баяу, жылдам және екпінді. 1957 жылы Мәскеу қаласыннда өткен Бүкілодақтық және VI дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінде көрсетілді. <ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ортеке|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}