Орта тасшүйгін

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орта патриния (Валерианалар тұқымдасы) — дала зонасында, Қазақстанның шығыс бөлігі тауларында, Астанадан оңтүстікке қарай және Семей обысында көп таралған. Қаулы аралас шөпті далаларда, жартастарда, қорымда, өзен қиыршық тастарында өсіп, кейде шілік құрады. Тамыры өзекті, көпбасты. Бірнеше сабақты (биіктігі 50 см-ге дейін). 2-5 жұптан қарама-қарсы орналасқан жапырақтар қауырсын тәрізді бөліктерге бөлінген. Гүлдері ашық сары, тостағаншасы онша байқалмайды, қоңыраулы, 5 бөлімді гүл тәжімен және 4 аталық, қалқан тәрізді гүлшоғырына жиналады. Мамыр-шілде айларында гүлдейді, шілде-қыркүйекте жеміс береді. Жемістері сопақтау, жарғақты, гүлжапырақтары жайылып қанат тәрізді өскен. Желдің көмегімен тұқым таралуы жеңіл.<ref>А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.</ref>

Дереккөздер

<references/>