Орта бөлік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Aralsee.gif
Арал теңізі

Орта бөлік – 1824 жылы Кіші жүзде хандық билік жойылғаннан кейін енгізілген әкімшілік басқару жүйесі. Орта бөлік шығыста Тобыл, Тоғызақ, Әйет өзендерінің жоғарғы ағыстары, батыста Елек, Темір өзендері мен Арал теңізіне дейінгі жерлерді қамтыды. Орта бөлікті Орынбордың әскери губернаторы тағайындаған сұлтан басқарды. 1831 жылы Кіші жүзде басқарудың сатылық жүйесі енгізілгеннен кейін, Орта бөлік 20 сатыға бөлінді. Орта бөлік жерінде 1856 жылы жағалбайлы, табын, шекті, қаракесек, қаракете, жаппас, уақ, керей, алтын, кердері руларынан 43 300-ден аса түтін болды. Орта бөлік 1869 жылы Қазақстанда “Уақытша ереже” бойынша жаңа әкімшілік жүйе енгізілгенге дейін сақталды. <ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орта бөлік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}