Орта Ақтөбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Pitcher Susa Louvre MAOS221.jpg
табылған құмыра
Орта Ақтөбе<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> – Қазақстандағы орта ғасырлардан сақталған ежелгі қала орны.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref> Мойынқұм ауданының орталығы Мойынқұм ауылының солтүстік-шығысына қарай 65 км жерде, Шу өзенінің ескі арнасының оң жағалауында орналасқан. 1948 жылы Қазақстан ҒА-ның Орталық Қазақстан археологиялық экспедициялық (жетекшісі Ә.Марғұлан) зерттеген. Қала орны төртбұрышты төбе. Биіктігі 5 – 10 м. Төбе үстінде ауданы 140×90 м2 жазық алаң бар. Алаң айнала бекініспен қоршалған. Бекініс қалдығының биіктігі 1 м. шамасында. Оның ұзына бойында және бұрыштарында биік мұнаралар болғандығы байқалады. Бұл мұнаралар қалдықтарының биіктігі 1 – 1,5 м. Археологиялық зерттеу нәтижесінде табылған заттар (негізінен, қыштан жасалған ыдыстар), қаланың б.з. 8 – 12 ғасырларына жататындығын көрсетеді.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орта Ақтөбе|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}