Орта Атлант су жотасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орта Атлант су асты жотасыАтлант мұхитының түбіндегі ірі тау жүйесі. Жалпы ұзындығы 18 мың км-ден астам. Құрлық жағалауларымен параллель бағытта солтүстік ендіктен оңтүстік ендікке дейін созыла орналасқан. Орта Атлант су асты жотасы Рейкьянес, Солтүстік Атлант, Оңтүстік Атлант, т.б. жоталардан тұрады. Көлденең жарықтар (Курчатов, Атлантис, Кейн, Романш, Әулие Елена, Риу-Гранди) арқылы сегменттерге бөлінеді. Жарықтардағы ығысулардың ауқымы 300 – 600 км-ге жетеді. Жота шыңдары негізінен 1800 – 3500 м тереңдікте. Оңтүстік жарты шардағы жота беткейлерінде су асты жанартаулары орналасқан. Жекелеген жанартаулық конустар аралдар тобын құрайды (Азор, Сан-Паулу, Вознесения, Әулие Елена, т.б.). Тристан-да-Кунья аралдар тобында әрекетті жанартаулар бар. Буве аралы ауданында (550оңтүстік ендік шамасында) Орта Атлант су асты жотасы бағытын өзгертіп, көлденең орналасқан Африкалық-Антарктикалық жотамен жалғасады. <ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орта Атлант су жотасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}