Орталық мемлекеттік мұражайының ғимараты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орталық мемлекеттік мұражайының ғимараты - 1985 жылы Алматыда салынды. Археологтар Ю.Г. Ратушный, З.Мүстафина, Б.Ризағалиев, конструкторы Б.И. Никишин. Жалпы ауданында 18 мың м^2. Ғимараттың тұрпаты геометриялық көлемдерді бір-бірімен қиылыстыру арқылы жүзеге асқан. 8 мұнаралы алып тік төртбұрышты көлемнің дәл ортасына үлкен шаңырак бейнесінде жасалған күмбез орнатылған. Бас қасбет жан-жағы терезе ойықтарына бөлінген 8 колоннамен шешілген. Мұражайдың орталық және оңтүстік жақ бөліктерінде кіре беріс және 4 экспозиция залы орналасқан. Солүстік жақ бөлігінде әкімшілік бөлмелері, әдістемешілер кабинеттері, реставрация (қалпын келтіру) шеберханалары, Қазақстанның өсімдіктері мен хайуанаттарын бейнелейтін экспонаттарды дайындау лабораториялары және қор сақтау бөлімі жайғасқан. Экспозиция залдарының композициясын колонналарға иек артқан кішігірім күмбездер құрайды. Бұл күмбездер киіз үйдің ішкі кеңістігін елестететін сөндік қырларымен әшекейленген. Ғимараттың қасбеттерін әрлеуге ұлутас, мәрмөр, гранит, дюралюминийлі терезе мен есік блоктары, ал интерьерінде әр алуан түрлі тастар және республикалық кен орындарының материалдары пайдаланылған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}