Орталық Азия мемлекеттерінің спорттық ойындары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орталық азия мемлекеттерінің спорттық ойындары, 1991 жылы КСРО мемлекетінің ыдырауына байланысты бұрын империяның құрамында болған Қазақстан, Өзбекстан, Кырғызстан, Тәжікстан, Түрікмен елдері спортшы- ларының арасында осы елдердің ұлттық Олимпиялық комитеттерінің (ҰОК) үсынысымен Халықаралық Олимпиялық Комитеті (ХОК) бекіткен кешенді спорт жарыстары. Бірінші ойындар 1995 жылы Ташкентте, екінші ойындар 1997 жылы Алматыда, 3-ші ойындар 1999 жылы Бішкекте етті. 4-ші ойындар 2001 жылы Ашхабад қаласында етуге тиісті болатын. Бірақ бұл ұсынысты Түрікмен үкіметінің басшылары қабылдамады да, кезекті ойындар өтпей қалды. 2003 жылы Орта Азия мемлекеттерінің құрама командаларын Душанбе қабылдады. 1997 және 1999 жылдардағы ойындардағыдай 2003 жылгы V ойындарда да ҚР-ның құрама 48 алтын, 31 күміс, 31 қола медальдарға ие болып, жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды. Душанбеден кейін бұл ойындар өткізілген жоқ.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орталық Азия мемлекеттерінің спорттық ойындары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}