Орталық-мұхиттық қозғалмалы белдеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орталық-мұхиттық қозғалмалы белдеу — жалпы ұзындығы шамамен 60 000 км-ден асатын, бүкіл жер шарын белдеулей созылған жалпыпланеталық жолақ түрінде сағаланатын, мұхиттар түбіне ғана тән біршама енді (жүздеген километрден 1000 км-ге шейін) құрылымдар жүйесі. Бұл жүйеге, әсіресе аталмыш белдеудің нақ орта тұсына тектоникалық белсенділіктің биік дәрежелері тән екендігі анықталды; осы белсенділікті сипаттайтын басты-басты ерекшеліктер: а) жылу ағымының биік дәрежесі (мұхиттык орталық жотаның орта түстарына тән өңіріндегі жылу ағымы мұхиттардың өзге өңірлеріндегі жылу ағымдарымен салыстырғанда 5-8 есе артық); ә) жоғары сейсмикалық белсенділік (жер шарының саяз фокусты жерсілкінулерінің басым көпшілігі нақ осы жоталар жүйесіне шоғырланған); б) суасты жанартауларының әрекеті; в) жоғарғы мантия заттарының босаңсыған (тығыздығы кеміген) түрде ұшырасуы, осы заттардың мұхит түбінен көрініс беруі; г) жербедер өзгешелігі (мұхиттық орталық жоталардың нақ орта тұстарында биік шыңдар мен құлама құздардың жиі алмасуы; осы өңірдегі жербедер амплитудасының орташа көрсеткіші 2-4 км және одан да жоғары болуы).<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. іSВN 5-7667-8188-1 іSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub