Орнын толтыру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орнын толтыру - онтогенезде, 1. ағзаның оның тіршілік белсенділігінің бұзылуына қарсы бағытталған реакциясы. Соның нәтижесінде сау органдар зақымдалған мүшелердің қызметін толық өзіне жүктейді. Мәселен бір бүйректі алып тастағаннан немесе оның қызметі бұзылған кезде, сау бүйректің қызметінің күшейуі, (гиперфункция), оған организмді зат алмасу қалдықтарынан толық тазартуға мүмкіндік береді; 2. даму кезеңдерінің бірінде болған өзгерістерді қалпына келтіріп, оның дұрыс дамуын қамтамасыз ету. Филогенезде, эволюция барысында бір жүйе немесе мүше қызметін екінші жүйе немесе мүше қызметімен алмастыру процесі. Мәселен, өкпесіз саламандранын өкпесінің жойылуын терінің тыныстау қызметі толықтырған.<ref name=bi1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Biosci-stub