Орман қазтамағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Орман қазтамағы (Үлгі:Lang-la) - бұл өсімдік герань деп аталатын қазтамақтар тұқымдасы қазтамақ туысына жатады. Герань - гректің геранг (тырна) деген сөзінен шыққан, себебі, өсімдіктің тұқымы тырнаның тұмсығына ұқсайды.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 80 см-ге дейін жететін, тамыры тік өсетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
  • Сабағының өн бойын түк басқан, жоғарғы жағында бұтақтары көп.
  • Тамырдан өсіп шығатын жапырақтарының сағақтары ұзын, ал сабақ жапырақтары отырмалы болады. Төменгі жағындағы жапырақтары 5-7-ге бөлініп тілімделген. Жапырақтарының екі жағын да түк басқан, шеттері ара тісті.
  • Гүлдері ірі, күлгін түсті, тостағанша, қалақшалары да, гүл тәжінің жапырақшалары да бес-бестен.
  • Жемісі құстың тұмсығына ұқсайтын қауашақ. Маусым-шілде айларында гүлдейді.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Еуразияның қоңыржай және салқын белдеулерінде таралған. Бұталардың арасында, орманды жерлерде, жарқабақтарда, ылғалды жерлерде өседі.

Құрамы, емдік қасиеті және қолданысы

Құрамында илік заттар, алкалоидтар, шайыр, эфир майлары, қоймалжың, ащы заттар бар.
Өсімдіктен жасалған дәрілерді аш ішектің қабынуын және іштің өтіп ауырғанын емдеу үшін пайдаланады. Халық медицинасында өсімдіктің тұнбаларымен ауыз бен тамақты шаяды.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>
Маталарды бояу үшін пайдаланады. Әсемдік үшін өсіріледі. Аралар үшін бал нәрі.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер