Орман хайуанаттары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орман хайуанаттары– орманды аймақта тіршілік ететін жануарлар. Бұл ландшафт жануарлар әлеміне өте бай. Себебі орманды аймақ жануарлардың тіршілік етуі үшін өте қолайлы. Қазақстанда құрлық омыртқалыларының 730-дай түрінің 140-тан астамы (яғни 20%-ы) орманды жерлерде ұялап, тұрақты тіршілік етеді. Республикамызда кездесетін сүтқоректілердің 178 түрінің 43-і, атап айтқанда жәндікжегіштер (кірпі, жертесер, т.б.); кеміргіштер (тиін, борша тышқан, қаптесерлер, т.б.); жыртқыштар (қасқыр, түлкі, ақкіс, т.б.); ашатұяқтылар (құдыр, марал, елік, бұлан, т.б.), құстардың 480-дей түрінің 90-ға жуығы, оның ішінде: күндізгі жыртқыштар (қаршыға, жамансары, бақалтақ қыран, т.б.); тауықтәрізділер (меңіреу құр, қырғауыл, т.б.); кептертәрізділер (дыркептер, түзкептер, т.б.); көкектәрізділер (меңіреу көкек, т.б.); жапалақтәрізділер (жапалақтар, байғыз, т.б.); тоқылдақтәрізділер (дүпілдек, тоқылдақ, т.б.); торғайтәрізділер (тағанақ, мысықторғай, шымшық, т.б.), бауырымен жорғалаушылардың 49 түрінің 5 түрі (секіргіш кесіртке, жасыл кесіртке, сары жылан, өрнекті абжылан, кәдімгі сұр жылан), қосмекенділердің 12 түрінің екеуі (сүйіртұмсық бақа, шөпбақа) орманда тіршілік етуге бейімделген жануарлар. Орман хайуанаттарының арасында зиянды жәндіктерді жеп, пайда келтіретін түрлері көп. Мысалы, кәдімгі жертесер жылына 5,5 кг-дай зиянды жәндіктермен] қоректенетіні белгілі. Орман хайуанаттарының көптеген түрлері бағалы аң аулау нысаны болып табылады. Мысалы, бұлғын, елік, тиін, т.б. Ал кейбір түрлері орман шаруашылығында бағалы саналатын ағаштар мен бұталардың тұқымдары және жемістерімен қоректеніп, оларды басқа жерге таратуға септігін тигізеді. Сонымен қатар орман хайуанаттары қыста ағаштар мен бұталардың қабығымен қоректеніп, зиян да келтіреді. Мысалы, тиін, қоян, бұлан, т.б. Араларында түрлі аурудың (кене энцефалиті, туляремия, лептоспироз, құтыру, т.б) қоздырғышын таратып қана қоймай, [[эктопаразиттердің (бүрге, кене, бит, т.б.) иелері, ішкі паразиттердің аралық иелері болып табылатын түрлері де жеткілікті. <ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орман хайуанаттары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}