Орда халық аспаптар оркестрі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Орда халық аспаптар оркестрі (Батыс Қазақстан облысы) - әуесқой оркестр.


1949 жылы ұйымдастырылды. 1974 жылы халық оркестрі деген атақ берілді. Ұйымдастырушы - белгілі домбырашы Ж.Темірәлиев. Ұжым репертуарынан қазақ халық күйлері (Құрманғазының "Сарыарқасы" мен "Кішкентайы", Сейтектің "3аманайы", Д.Нұрпейісованың "Он алтыншы жылы"), симфониялық шығармалар (С.Мұхамеджановтың "Отан шаттығы"), т.б. орын алды. Оркестр ұжымы 1-Бүкілодақтық көркемөнерпаздар шығармашылығы байқауына қатысты. Республикалық халық оркестрлері байқауының лауреаты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала