Орда-Шейх

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:GoldenHorde1300.png
Алтын Орда 1300жыл

Орда-ШейхАлтын Орда ханы (1359 – 1360). Ақ Орда ханы Сасы-Бұқаның ұлы, Орда-Еженнің бесінші ұрпағы, Жошы әулетінен. Бердібек хан өлгеннен кейін (1359) Алтын Ордада өзара алауыздық күшейіп, 20 жылда (1359 – 80) 25-тен астам хан ауысты. Осы кезеңде Алтын Орда әмірлері Ақ Орданы 17 жыл бойы билеген Шымтай ханды Алтын Ордаға хандыққа шақырды. Шымтай хан ұсынысты қабыл алмай, өз орнына інісі Орда-Шейхты жіберді. Тарихи деректерге қарағанда (Му’ин әд-Дин Натанзидің “Мунтахаб ат-тауарих-и Му’ини” атты шығармасында) Орда-Шейх Ақ Орда билеушілері әулетінен Алтын Орда ханы болған бірінші адам еді. Осыдан бастап Ақ Орда билеушілері Алтын Ордада өз билігін орнату үшін күрес жүргізді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орда-Шейх|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}