Органогендік тау жыныстары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Органогендік тау жыныстары, биолиттер (грек. organonорган, genesжаралған) – жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары және олардың тіршілік ету өнімдерінен жаралған тау жыныстары. Органогендік тау жыныстары құрамына қарай карбонатты, кремнийлі, көміртекті, фосфорлы болып бөлінеді. Карбонатты (карбонатолиттер) тау жыныстарына кальцит, кейде арагонит, доломиттен тұратын бор мен әктастар жатады. Борфораминифтер мен әкті балдырлардың қалдығы. Оны цемент, резина, қағаз өндірісінде пайдаланады. Органогендік әктастар зоогендік (теңіз жәндіктерінің қалдықтары) және фитогендік (теңіз балдырларының қалдықтары) болып бөлінеді. Олардан құрылыс материалы, әк, шыны, тыңайтқыштар алынады. Кремнийлі (силициттер) тау жыныстары опал, кристобалит, халцедон, кварц минералдарынан тұрады. Олар гидравликалық қоспалар, жылу өткізбейтін құрылыс материалдары, сүзгілер, катализаторлар, адсорбенттер ретінде және цемент өндірісінде қолданылады. Қазақстанда Сарыарқаның (Майсор, Атығай, т.б.) палеоген жыныстарында ұшырасады. Көміртекті немесе жанғыш (каустобиолиттер) тау жыныстары фитогендік шөгінді түзілімдерге жатады. Олар ыдырап өзгерген өсімдіктер мен микроорганизмдерден пайда болып, қатты, сұйық, газ күйлерінде кездеседі (мысалы, шымтезек, антрацит, қоңыр тас көмірлер, мұнай, жанғыш газ, қатты битумдар). Энергетика саласы мен химиялық өндірісте маңызы өте зор. Фосфорлы органогендік тау жыныстары өте сирек кездеседі. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Органогендік тау жыныстары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}