Органикалық катализ және электрхимия институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Органикалық катализ және электрхимия институты, Д.В. Сокольский атындағы – ғылыми-зерттеу мекемесі. Қазақстан ҒА жанынан 1969 жылы құрылған. Құрамында 12 лаборатория бар: [[көпфункционалды катализаторлар, катализдік тотықтыру, металлокомплекстік катализ, мұнай өңдеудің каталитикалық процестері, ерітіндідегі каталитикалық реакциялар, ароматты көмірсутектер катализі, қолданбалы катализ, мұнайгаз технологиясы, қолданбалы электрхимия және коррозия, металдар және жартылай өткізгіштер электрхимиясы, металдарды электррафинирлеу, физикалық-химиялық әдістермен зерттеулер]] (2004). Өндірістік-тәжірибелік цех, аспирантура жұмыс істейді. Институт жұмысының негізгі ғылыми бағыттары: мұнайды, табиғи газды, көмірсутекті шикізаттарды каталитикалық химия жолымен өңдеу, өндіріс орындарынан сыртқы ортаға шығып жатқан улы газдардан атмосфераны тазарту, ауыл шаруашылығы өнімдерін зиянкестерден қорғау мақсатында катализаторлар, нейтрализаторлар, феромондар жасау, табиғи қосылыстардан биологиялық белсенді заттарды электрлік синтездеу, түсті және асыл металдар мен шала өткізгіштер алу әдістерін, оларды коррозиядан қорғаудың іргелі ғылыми негіздері мен технологиясын жасау, т.б. Институтта Қазақcтан ғылым академиясының академиктері М.Жұрынов, Н.Надиров, Г.Закүнбаева және ғылым докторлары еңбек етеді. Институттың жасаған өнімдері мен ғылыми жаңалықтары ТМД-ның 20-дан астам қалалары мен еліміздің көптеген өндіріс орындарына енгізіліп, жұмыс істеуде.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Органикалық катализ және электрхимия институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}