Органикалық және бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаныққан көмірсутектерден қанықпаған көмірсутектер алуға болады және қанықпаған көмірсутектерден қаныққан көмірсутектер мен спирттер алуға болады. Спирттерден карбон қышқылдарын, одан күрделі эфирлер алуға болады. Спирттер мен карбон қышкылдарын көмірсутектердің біртіндеп тотығу өнімдері деп қарастыруға болады.

Көмірсутектерден басқа органикалық қосылыстардың бәрін көмірсутектердің туындылары ретінде қарастыруға болады. Құрамында көміртек атомының саны бірдей қосылыстардың (көмірсутек, спирт, карбон қышқылы) құрамдарын салыстыратын болсақ, осы қатарда көміртектің массалық үлесі азайып, ал оттектің массалық үлесі көбейе беретіні байқалады.<ref>Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толықтырылған 2-бас. / Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 208 бет: суретті. ISBN 9965-36-702-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Chem-stub