Организмнің тұтастығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Организмнің тұтастығы

 Организм дегеніміз -өзін-өзі қайталап жасауға, өздігінен дамуға және өзін-өзі басқаруға қабілеті бар тірі биологиялық біртұтас жүйе. Организм түрлік жағынан өзін бірыңғай тұтас нәрсе ретінде көрсетеді.
Организмнің тұтастығы, яғни оның бірігуі (интеграциялануы): 1) Организмнің барлық бөлшектерінің ( жасуша, тін, ағза, сұйықтар т.б ) қосылуымен; 2) организмнің барлық           бөліктерінің : а)оның тамырларында , қуыстары мен кеңістіктерінде айнала ағып жататын сұйықтардың (гуморалдық байланыс, humor-сұйықтық);  ә) организмнің барлық үрдістерін реттейтін нерв жүйесінің көмегі арқылы байланысуымен қамтамасыз етіледі. Әлі нерв жүйесі жоқ қарапайым біржасушалы организмдерге (мысалы , амебалар ) байланыстың тек бір ғана түрі -гуморалдық байланыс тән . Нерв жүйесінің дамуымен байланысты - гуморалдық және нервтік байланыстар пайда болып, жануарлар құрылысы күрделеніп, нерв жүйесі дамыған сайын  денені меңгеріп , әрі организмнің барлық үрдістерін, оның ішінде гуморалдық үрдістерді де өзіне бағындырды. Нәтижесінде нерв жүйесінің жетекшілік рөлімен бірыңғай нейрогуморалдық реттелу құрылды.
 Сүйтіп өзінің тарамдары арқылы дененің барлық ағзалары мен тіндерін торлап өтетін және гуморалдық байланыспен бірге организмнің бірыңғай тұтас нәрсеге бірігуінің (интеграцияның) материалдық анатомиялық субстраты болып табылатын нерв жүйесінің қызметі арқылы организмнің тұтастығына қол жетеді.
 Екіншіден, организмнің тұтастығы оның вегетативтік және анималдық үрдістерінің бірлігімен қамтамасыз етіледі.
 Үшіншіден, организмнің тұтастығы рух пен дененің, психика мен сомалық, дененің бірлігінде. Идеализм жанды дербес және танылмайтын деп санап,жанды денеден бөледі. Диалектикалық матерализм денеден бөлінген психика жоқ деп есептейді. Психика ойлау қабілеті бар ең жоғары дамыған және ерекше ұйымдасқан материяның көрінісі болып табылатын мидың денелік ағзаның қызметі болып табылады.
 Организмдегі элементтердің өзара қатынасы. Бүтін дегеніміз - оны басқа жүйелерден өзгешелейтін ерекше сапасы бар элементтер мен үрдістердің күрделі жүйесі, бөлік дегеніміз - бұл жүйенің бүтінге бағынған элементі.
 Организм біртұтас нәрсе ретінде оның бөліктерінің (жасушалары, тіндері, ағзаларының) қосындысынан артық.Бұл артықтық фило және онтогенез үрдістерінде бөліктердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болған жаңа сала. Берілген ортада дербес тіршілік етуге қабілеттілік организмнің ерекше сапасы болып табылады. Мәселен, біржасушалы организм (мысалы, амеба) дербес тіршілік етуге қабілетті, ал организмнің бөлігі болып табылатын жасуша (мысалы, лейкоцит), организмнен тысқары тіршілік ете алмайды және қаннан бөлініп алынса, өледі.Тек белгілі бір жағдайларды қолдан жасағанда ғана оқшауланған ағзалар мен жасушалар тіршілігін сақтай алады (тіндер культурасы). Алайда мұндай оқшауланған жасушаларының қызметімен бірдей емес, өйткені олар басқа тіндермен зат алмасудан шығарылып тасталған.
 Біртұтас бүтін ретінде организм өзінің бөліктеріне жетекші рөл атқарады, барлық ағзалар қызметінің нейрогуморалдық реттелуге бағынышты болуы соның көрінісі болып табылады. Сондықтан организмнен оқшауланған ағзалар тұтас организм шеңберінде өздеріне тән қызметтерді атқара алмайды. Ағзаларды көшіріп қондырудың қиындығы осымен түсіндіріледі. Ал организм біртұтас нәрсе ретінде өзінің кейбір бөліктерінен айырылғаннан кейін де тіршіліік ете береді, оған дененің жекелеген ағзалары мен бөліктерін оперативтік жолмен алып тастайтын хирургиялық практика дәлел бола алады (бір бүйректі немесе бір жақ өкпені алып тастау, аяқ не қолды кесіп алып тастау және т.б.). Бөліктің бүтінге бағынуы абсолютті емес, өйткені бөліктің салыстырмалы дербестігі бар. Салыстырмалы дербестігі болғандықтан, бөлік бүтінге әсер ете алады, оған жекелеген ағзалар ауырған кезде  бүкіл организмнің өзгеруі дәлел бола алады.
 Организм және орта.Сыртқы орта организмнің тіршілігін қамтамасыз етеді. Сондықтан организмнің ғылыми анықтамасына сыртқы орта да кіруі керек.
 "Барлық жерде және әр уақытта тіршілік - белгілі бір, бірақ өзгеріп отыратын құрылыс пен сыртқы әсер факторларының кооперациясынан құралады" (И.М.Сеченов).
 Организм қоршаған тіршілік жағдайлармен тығыз байланысқан.Организм мен оның тіршілік ортасы арасындағы шекара салыстырмалы.Тірі организмде сыртқының ішкіге және керісінше айналуы, әр уақытта жүріп жатады. Тамақтың сіңірілуі сыртқының ішкіге айналуының мысалы болып табылады.
 Организмнің тіршілік жағдайларымен бірлігі оның қоршаған табиғатпен зат алмасуы арқасында іске асырылады; зат алмасудың тоқталуымен оның тіршілігі де тоқталады. Жануарлар мен адамдарда зат алмасу нерв жүйесінің жетекшілік рөлі жағдайында нейрогуморалдық реттелу арқылы анықталады, нерв жүйесі "организмді оны қоршаған ортамен теңдестіретін аса нәзік аспаптық" қызметін атқарады.
 Организм мен сыртқы ортаның бірлігі органикалық формалардың эволюциясының негізін құрайды. Эволюция үрдісінде организмдердің өзгермелі тіршілік жағдайларына бейімделуінің (адаптациясының) морфологиялық көрінісі ретінде олардың құрылысының өзгергіштігі байқалады. Адаптация - бейімделу жүретін ортаның әсерінен де, сондай -ақ  өзгеріп отыратын организмдердің тұқымқуалаушылылық  және басқа қасиеттеріне де байланысты.
 Ортаның өзгеруі қоршаған ортаның өзгеріп отыратын жағдайларына ұдайы бейімделген организмнің өзгеруіне алып келеді. Керісінше, дамып келе жатқан организмнің әсерімен белгілі бір дәрежеге дейін оны қоршайтын орта да өзгереді.

<ref>Алексеев С.В. и др. Окружающая среда. Школьный энциклопедический словарь.СПб.:Фил.изд-ва "Просвещение",2007.412с.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Организмнің тұтастығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}