Организмнің гуморальдық реттелуі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Merge Адам организмінде қажетсінулеріне және қоршаған орта өзгерістеріне сәйкес әр алуан физиологиялық процестер үнемі жүріп отырады. Алайда мүшелердің процестерге қатысуы әр түрлі дәрежеде байқалады. Физиологиялық процестердің гуморальдық реттелуі биологилық белсенді химиялық заттар— “““гормондар“““көмегімен жүзеге асырылады. Гормондарды арнайы бездер бөледі, олар қан мен лимфаға түсіп, бүкіл организмге таралады, салыстымалы түрде баяу,бірақ өте аз мөлшерде де өте белсенді әрекет етеді. Сыртқы секреция бездері де бар, олардың секреті (сөл) қуысқа (ауыз, асқазан, ішек) немесе сыртқы ортаға бөлінеді (тер, жас, май, сүт бездері). Олар әдетте үлкен емес, милиграммен немесе граммен өлшенеді. Ішкі секрецияның маңызды безіне ““гипофиз““(массасы 0,5-0,7г) жатады. Ол анатомиялық әрі қызметтік тұрғыда мимен байланысты. Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары организмнен зәрдің бөлінуін азайтады, зат алмасуды өзгертеді, ұсақ артериялардың жиырылуын күшейтеді, артиялық қысымын жоғарылатады. Артқы бөлік гормондарының жеткіліксіз болуы бүйрек қызметінің бұзылуына апарып соғады, нәтижесінде көп мөлшерде зәр бөлінеді (тәулігіне 20л-ге дейін). Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары жыныс бездерінің дамуы мен өсу процестерін, сүттің түзілуін (лактация) реттеп, қалқанша бездің дамуы мен бүйрек үстті безінің қыртысты қабатының өсуіне әсер етеді,, өсу гормонын түзеді, көмірсу, май, нәруызды қарқынды синтездеу арқылы өсуді реттейді. 1921 жылы америкалық ғалымдар гипофиздің өсу гормонын бөлетіні туралы пікір айтты. Өсу гормонынынң жеткіліксіздігі кейде ““ергежейлікке““, ал артық мөлшері ““алыптылыққа““ (гигантизм) себепші болады. Египеттік ергежей Агибаның бойы тек 38 см болса, Рим императоры Максимиланың бойы 2,5 , орыс шаруасы Махновтың бойы 2,85 м болған. Жас ұлғайған кезде өсу гормонының артық синтезі акромелагия ауруына—дененің кейбір бөліктерінің өсуіне (қол, аяқ, төменгі жақ сүйек, мұрын, т.б.) себепші болады.

Дереккөздер

8-сыныпқа арнадған Биология оқулығы Е.Очкур, Л.Аманжолова, Р.Жұмабаева 2008 Алматы "Мектеп" баспасы 238 бет ISBN 9965-36-557-1