Орақша

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орақша(Spіrorhynchus) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Қазақстанның құмды, далалы аймақтары мен шөлді жерлерінде өсетін бір түрі – құмды орақша (S. sabulosus) бар. Оның биіктігі 15 – 40 см. Сабағы түбінен бұтақталған, тықыр болады. Отырыңқы жапырақтары кезектесіп орналасқан, шеттері ойық келеді. Гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Күлте жапырақшалары ақ түсті, онда күлгін түске боялған жүйкелері анық көрінеді. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – бұршаққын, оның орақ не спираль тәрізді иілген тұмсығы болады. Сыртын тегіс, аздаған түк жапқан. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орақша|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}