Орақжеміс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орақжеміс(Drepanocaryum) – еріндігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Шу – Іле, Қаратау, Батыс Тянь-Шань тауларындағы тасты, қиыршық тасты тау беткейлерінде, жартастардың көлеңкелі жерлерінде, ағаштар мен бұталар арасында өсетін 1 түрі – северцов Орақжемісі бар. Биіктігі 5 – 50 см. Сабақтары тік, жіңішке, сыртын түк жапқан. Жапырақтары жұмыртқа немесе жүрекше тәрізді, жиектері ара тісті. Жапырақ қолтығында жартылай шатырша гүлшоғыры орналасқан. Жартылай шатыршада 3 – 8-ге дейін көк, күлгін гүлдері бар. Гүлшоғыры түгелдей қалың түкті, қысқа түктері тікірейіп тұрады. Тостағанша, күлте жапырақшалары түтік тәрізді. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, мамыр – шілдеде жеміс салады. Жемісіқара түсті, сырты жылтыр жаңғақша. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орақжеміс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}