Орал облыстық қазақ комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орал облыстық қазақ комитеті - 1917-1918 жылдары Жайық өңірінің сол жақ жағалауын қоныстанған казак ауылдарын басқару мақсатында құрылған атқару органы. 1917 жылы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында өткен Жайық сырты қазақтарының бірінші сьезінде бұрынғы Жайық сырты бөлігін басқару жөніндегі уақытша комитеттің орнына құрылды. Комитетке мүше болып Ж. Досмұхамедұлы, Ы.Тоқберлиев, Х.Тасымов, Т.Сарыбөпиев, Е.Мүқанов, Д.Сәрсшбаев, Ғ.Әлібеков, Д.Күсепқалиев, Б.Жанқадамов, Р.Қаржаубаев, Е.Әбшов, Д.Жұлдызов, Х.Досмұхамедұлы, Ы.Топаев, К.Жәлшов, Ғ.Есшғүлов, С.Қаратілов, Б.Жұмағалиев, С.Омаров және Б.Тілепин сайланды. Комитет бірінші Орал облыстық қазақ сьезінің Жайық сырты бөлігіндегі бұрынғы төрешіл-бюрократтық басқару жүйесін коллегиальды халықтық басқару жүйесіне ауыстыру жөніндегі шешімінш туындаған барлық қаулы-қарарды жүзеге асырумен шұғылданды. Орал қаласындағы, уездердегі қазақ қаржысына салынған жылжымайтын дүние-мүлікті есепке алып, қазақ пайдасына қызмет еткізу, елден ерікті жылу жинау, оқу орындарын ашу, жәрмеңкелер өткізу, азық-түлікпен қамтамасыз ету, басқа қоғамдық ұйым-мекемелермен байланыс жасау ісімен айналысты. 1917 жылы 1-5 маусымда Ойыл жәрмеңкесінде екінші Орал облыстық қазақ сьезін өткізді, осы сьез аясында бас қосқан комитет мүшелері жиналысында Жайық сырты бөлігінің жер басқармасын сайлады, сол жылы күзде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы мүшелерін сайлау және екінші жер басқармасы құрамын сайлау науқанын өткізді. 1918 жылы 18 қаңтарда төртінші Орал облыстық қазақ сьезін шақырды. Соңғы сьезде таратылып, өз өкілеттілігін «Ойыл уәлаятының» Уақытша үкіметіне табыстады.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орал облыстық қазақ комитеті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}