Орал механикалық зауыты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Tractor Belarus-1522-2.jpg
Алуан түрлі тракторлар Орал механикалық зауыты шеберлерінің туындылары

«Орал механикалық зауыты» – ауыл шаруашылық техникасына қосалқы бөлшек, тұрмыстық электр техникасын шығаратын, металл бұйымдарды ыстық және салқын күйінде қалыптайтын, бейстандарт жабдықтарды жасайтын кәсіпорын. 1933 жылы Орал трактор жөндеу зауыты ретінде құрылған. 1946 жылдан осы атпен аталады. 1993 жылы акционерлік қоғам, 1996 жылы ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Кәсіпорын аумағында темір жол тармағы мен автомобиль жолы тартылған. Құрылған кезден бері зауыттың кәсіби бағдары бірнеше рет өзгерді, бастапқыда кәсіпорында трактор, автомобиль қозғалтқыштары жөнделіп, астық тиегіш машиналар, жел қозғалтқыштары, т.б. шығарылды. 1965 жылы трактор қозғалтқыштарына иінді біліктер мен шатундар шығаруға мамандана бастады. Сонымен қатар электрлі құралдар (су қайнатқыш, үтік, т.б.) жасау қолға алынды. Қазіргі кезде зауытта ірі көлемді бөлшектер қалыптау, ағаштан әр түрлі бұйым (есік, терезе, жиһаз түрлері, т.б.) жасау, пішінді тротуар плиталарын құю кәсібі меңгерілген. Кәсіпорында механика, аспап, көлік, жөндеу-құрылыс цехтары жұмыс істейді. Оларда 300-ге жуық адам еңбек етеді. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орал механикалық зауыты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}