Орал арматура зауыты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Zap-Kz obl.svg
Орал арматура зауыты Батыс Қазақстан облысында орналасқан

Орал арматура зауытыболат пен шойын құбырларын бекітетін арматура, арнаулы өнеркәсіп салаларында кенді ұнтайтын жентек шарлар, т.б. металл бұйымдар шығаруға маманданған кәсіпорын.

Зауыт тарихы 1912 ж. ұйымдасқан механикалық шеберханадан басталады. 1923 ж. Владимир Ильич Ленин атындағы шеберхана, 1925 ж. металл құю зауыты ретінде қайта құрылды. 1942 ж. Ресейден көшіп келген “Арманит” зауытымен біріктірілді. 1946 ж. өнеркәсіп арматураларын жасауға маманданды, 1952 жылдан өз өнімдерін экспортқа шығара бастады. 1983 ж. кәсіпорында металлды балқытып құю цехы іске қосылды. 1990 ж. зауыт “Орал-Арма” өндірістік кооперативі ретінде қайта құрылды. 1997 жылдан қазіргі атауымен аталады. Кәсіпорынның металл құю, механикалық өңдеу, жөндеу, аспап, т.б. цехтары жұмыс істейді. 2 жұмысшылар жатақханасы, 1 балабақша, тарихи музей, т.б әлеуметтік-мәдени объектілері бар.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>